Құрылғы тегтері туралы

Kaspersky Security Center құрылғыларға тегтерді тағайындауға мүмкіндік береді. Тег дегеніміз – құрылғыларды топтау, сипаттау, іздеу үшін пайдалануға болатын құрылғы идентификаторы. Құрылғыларға тағайындалған тегтер, құрылғылар іріктемесін жасау, құрылғыларды іздеу және құрылғыларды басқару топтары бойынша бөлу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Тегтерді құрылғыларға қолмен немесе автоматты түрде тағайындауға болады. Бөлек құрылғыларды белгілеу қажет болса, тегтерді қолмен тағайындауға болады. Тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгіленген тегтерді тағайындау ережелеріне сәйкес Kaspersky Security Center тарапынан орындалады.

Құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгілі бір ережелерді орындау кезінде жүзеге асырылады. Әрбір тегке бөлек ереже сай келеді. Ережелер құрылғының желілік сипаттарына, операциялық жүйеге, құрылғыда орнатылған бағдарламаларға және құрылғының басқа да сипаттарына қатысты қолданылуы мүмкін. Мысалы, физикалық құрылғылардан, Amazon EC2 даналарынан және Microsoft Azure виртуалды машиналарынан тұратын гибридті инфрақұрылым пайдаланылса, барлық Microsoft Azure виртуалды машиналарына [Azure] тегі тағайындалатын ережені конфигурациялауға болады. Содан кейін, бұл тегті, барлық Microsoft Azure виртуалды машиналарын таңдап, оларға тапсырма беру үшін құрылғы таңдауын жасау кезінде пайдалануға болады.

Тег келесі жағдайларда құрылғыдан автоматты түрде жойылады:

Әрбір Басқару серверіне арналған тегтер мен ережелер тізімдері барлық Басқару серверлері, соның ішінде негізгі Басқару сервері және қосалқы виртуалды Басқару серверлері үшін тәуелсіз болып саналады. Ереже тек өзі жасалған Басқару серверінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға ғана қолданылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату және бастапқы конфигурациялау

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Басына оралу